Түлкібас - Арыс теміржолы қалпына келтірілді

Жүк вагоны жолдан шығып кеткен Түлкібас - Арыс теміржолы қайта қалпына келтірілді.

Шойын жолды түзетуге 3 техника мен 100 маман жұмылдырылған.

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» компаниясы мәлімдеді.

Оқыс оқиғаның кесірінен пойыздар да кестеден кешікті. Жауаптылар жолаушылардың тамақ және ауызсумен толық қамтылғанын хабарлады. 500-ге жуық адамды жеткізу үшін 5 автобус ұйымдастырған. Компания кестені түзету жұмысын әрі қарай да жалғастыруда. 

Сара Сахынбек, "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің өкілі:

- Жүк вагондарының жолдан шығып кету салдарын жоюға үш қалпына келтіру пойызы және 100-ден астам теміржолшы жұмылдырылды. Компания жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және пойыздардың кідіру уақытын қысқарту мақсатында қажетті шараларды қабылдауда. Анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі арқылы алуға болады.