«Найза-Антитеррор-2024» республикалық оқу-жаттығуы аяқталды

Қызылорда, Қарағанды және Абай облыстарында «Найза-Антитеррор-2024» республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы аяқталды, деп хабарлайды 24kz.

Терроризмге қарсы бағытталған шараға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктерінің өкілдері қатысты. Жаттығуда күш құрылымдарының лаңкестікке қарсы іс-қимылдары кезең-кезеңімен көрсетілді. Арнаулы мақсаттағы бөлімшелер жарылғыш құрылғыларды залалсыздандыру, шартты террористерді анықтау, кепілге алынған азаматтарды босату және зардап шеккендерге көмек көрсету дағдыларын пысықтады. «Елдің терроризмге қарсы әлеуетін нығайту шеңберінде қосымша жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері.