Шымкентте сауда орындары заңдастырылады

Шымкентте құрылыс материалдарын сататын сауда орындары қала сыртына көшіріліп жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Бұдан бөлек, маталл бұйымдарын заңсыз қабылдайтын кәсіпорындар да Бозарық, Бадам шағын аудандары аумағына шығарылады. Ол үшін жергілікті билік 80 гектардан астам жер бөлді. Арнайы құрылған қос базарға инженерлік-инфрақұрылым тартылып, сауда нүктелері ұсынылған. Алайда бұған дейін жерді мақсатсыз пайдаланғандар көшуге асығар емес. Сондықтан заңсыз салынған сауда нысандарына мониторинг жүргізілуде. Жыл басынан бері ескертуді елемегендерге 3 миллион 430 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қанат Керімбеков, Абай аудандық әкімдігінің бөлім басшысы:

- Жер қатынастары басқармасы тарапынан Бадам көпірі аумағынан 75 гектар жер бөлінген. Арнайы осындай құрылыс заттарын сатуға. Бүгінгі таңда орын толық дайын. Аудандағы осы іспетті үлкен, кіші субъектілердің бәріне кіріп ескертіп жатырмыз. Тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.