Ұлттық ұлан қоғамдық тәртіпті қадағалайды

Астанадағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің 24-отырысына байланысты елордаға өзге өңірлерден мыңнан аса гвардияшылар келді.

Олар басқа да күштік құрылымдармен бірге қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. Күшейтілген режимде жұмыс істейді.

Олар Астана, Қарағанды, Павлодар, Көкшетау және Теміртау қалаларындағы Ұлттық ұлан сарбаздарының ішінен арнайы іріктелген. Қазір қаланың бес ауданында екі ауысымда қоғамдық тәртіпті қадағап тұр.

Нұрбай Бектұрсынов, ҚР Ұлттық ұлан бас басқармасының бастығы, полковник:

- Астана көшелерінде қоғамдық тәртіпті қорғау үшін Ұлттық ұланның мыңнан астам әскери қызметшісі және жүзден астам әскери техника, автомобильдік техника және арнайы техника жұмылдырылды. Арнайы іріктелген бізде әскери жасақтар жүзден аса маршруттарда осы қаланың бес ауданында қоғамдық тәрітпті қамтамасыз ету жұмысына кірісті. Қазіргі уақытта бізге бектіліген маршруттарда жағдай бірқалыпты.