Мәжіліс депутаттары Түркістан облысына барды

Мәжіліс депутаттары Түркістан облысына жұмыс сапары барысында аудан, қалаларын аралады.

Халықпен кездесіп, сайлауалды бағдарламаның орындалу барысын қадағалады. Облыс әкімімен кездесуде аймақта өндіріс орындарын ашу, ауылдардың инфрақұрылымын жақсарту, ауыз су, газбен қамту және салынып жатқан мектептер мен әлеуметтік нысандар жәйі сөз болды. Өңір басшысы бұдан бөлек, Түркістанның инвестициялық әлеуетін көтеруге арналған шаралар туралы айтып берді. Жергілікті бюджет пен кіріс көлемін ұлғайту мәселесі де назардан тыс қалмады. Сонымен бірге ағын су саласындағы түйткілдер де сөз болды. Ал депутаттар қалалар мен елді мекендерді аралау барысындағы халық тарапынан айтылған мәселелер туралы ой қозғады.

Нұрсұлтан Байтілесов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Білім, денсаулық, әлеуметтік көптеген жобалар бар. Солардың жүзеге асырылу барысын тексеріп, аралап жүрміз. Қазір облыс басшысымен кездесіп, ол кісіге аудандық деңгейдегі көптеген мәселелерді айтып шықтық. Бағдарлама жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Бірақ әрине кейбір жерлерде мәселе туындады. Оны жауапты құзырлы органдарға тапсырма беріліп, тиісті деңгейде атқарылады деп сенеміз.