Ақылы жолдардағы тариф 20%-ке қымбаттауы мүмкін

Ақылы жолдардың тарифі 20%-ке қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды 24kz.

Жауаптылардың айтуынша, біздегі баға өзге елдермен салыстырғанда айтарлықтай арзан. Тиісінше, жиналған қаржы жолдың күтіміне жетпей жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. Дей тұрғанмен, жергілікті жүргізушілерге түрлі жеңілдіктер қарастырылмақ. Негізгі жүктеме ел арқылы өтетін транзиттік автокөліктерге түспек. Одан бөлек, биыл 12 мың шақырым жол жөнделетіні айтылды. Жобаларды іске асыруға 35 асфальт-бетон зауыты, мыңнан аса техника және 3 мыңнан аса жұмысшы тартылған.