Талғар ауданында төтенше жағдай жарияланды

«Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне баруға уақытша шектеу қойылады.

Алматы облысы Талғар ауданының әкімі тұрғындардың қауіпсіздігі үшін осындай шешім қабылдаған. Себебі өңірде сел жүру қаупі бар. Талғар өзенінің сол жақ бассейнінде орналасқан мұздық пен көлдің жағдайына қазір мониторинг жүргізіліп жатыр.