Елде баспана арзандады

Осы жылдың екінші жартысында ел бойынша жаңа тұрғын үйді сату құны өткен тоқсанмен салыстырғанда 0,2%-ға төмендеген.

Бұл 2021 жылдың басынан бері алғаш рет тоқсан сайынғы төмендеу көрсеткіші.

Статистика бойынша Атырау қаласында баспана құны бірінші тоқсанмен салыстырғанда 3,2 пайызға арзандаған.

Екінші орында Алматы қаласы тұр. Шаһарда пәтер бағасы 1,3 пайызға төмендеді.

Астанада 0,5 пайызға өскен.

Ал керісінше нарықтағы қолданыстағы тұрғын үй бағасы бірінші тоқсанмен салыстырғанда 1,7 пайызға өскен. Бұл динамика алдымен Астана қаласынан байқалады. Мұнда баға 5,8 пайызға артқан.

Алматы қаласында тұрғын үй құны бастапқы тұрғын үй бағасымен бірдей 1,3 пайызға арзандады.

Ел бойынша пәтер жалдау бағасы 0,4 пайызға өскен. Қалалар бойынша баға Астанада 3 пайызға артып, Алматыда екі пайызға кеміген. Ал Оралдағы пәтер жалдау ақысы 10,8 пайызға артты.