СҚО-ның Большая малышка ауылында 66 үй апатты болып танылды
Солтүстік Қазақстан облысындағы Большая малышка ауылында су тасқынынан кейін 66 үй апатты деп танылды.
Үй иелеріне енді қор есебінен баспана сатып алынады. Зардап шеккен тұрғындармен бүгін Сенат және Мәжіліс депутаттары кездесіп, жеке сұрақтарына жауап берді. Қазір елдімекенде тұруға жарамды деп танылған үйлер мен әлеуметтік – әкімшілік нысандар қалпына келтіріліп жатыр. Техникалық тексерістің қорытындысы бойынша тұрғындарға өтемақы төленді.
Еркебұлан Мәмбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Материалдық көмекті ақша ретінде алып, өздеріміз жөндейміз деген, соларды міне ауыл әкіміне тапсырып беріп жатырмыз. Оларды да бақылауға алып, мынау график жасап, уақытымен ертең біздің өңірімізде қыс ерте келіп қаладв. Сол енді қыс келіп қалғанда балалар ертең балалар, үйкен кісілер далада қалмай, суықта қалмайтын жағдай болмау үшін, соны бақылауға алу керек деп ойлаймын.