Сейсмикалық аудандастырудың он бес картасы әзірленеді
Бұл жұмыстардың барлығы сейсмология саласын дамытудың алдағы 4 жылға арналған кешенді жоспары аясында жүзеге асады.
Құжат аясында қандай шаралар атқарылады?
Қазақстан жерінің шамамен 40 проценті сейсмикалық аймаққа жатады. Оған еліміздің оңтүстік, оңтүстік шығыс пен шығыс өңірі және кейінгі кезде техногендік жер сілкінісі байқала бастаған Маңғыстау облысы кіреді. Көрнекі сейсмикалық станцияның бірі Алматыда орналасқан. Бұған да күрделі жөндеу қажет дейді, мамандар.
Қарлығаш Қайыпбекова, тілші:
- Сейсмикалық станция 1979 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазір біз штольнидо тұрмыз. Оның ұзындығы 200 метрден асады. Мұнда жер тербелісін тіркейтін құрылғылар қойылған. Мәселен мынау кеңес дәуірінен қалған. Ал мына датчик 2000 жылдары қойылыпты. Соңғысы осы жылдың сәуір айында алынған.
Кешенді жоспар қабылданғанға дейін де мамандар салада бірқатар шаралардың атқарылғанын айтып отыр. Дегенмен биыл Алматыда екі дүркін болған жер сілкінісі сейсмологияны түбегейлі қайта қарауға түрткі болды. Яғни әр өңірге сейсмикалық аудандастыру картасы жасалады.
Елизавета Есенжігітова, Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы директорының орынбасары:
- Бұл карталар қазіргі таңда өте маңызды. Себебі осы карталарда Қазақстанның жаңа евркод 8 ге өту нормалары қарастырылған. Жаңа зерттеу әдістер қосылған. Содан кейін екінші мәселе бағдарламада қарастырылған біздің еліміздегі сейсмикалық станциялардың санын көбейту. Өкінішке орай, осы күнге кейбір облыстар да сейсмикалық станциялар жоқ. Ол жерді сейсмикалық жағдайы қандай екенін бізге беймәлім.
Енді қабылданған кешенді жоспарға сәйкес, сейсмикалық станциялар жаңаланып, тағы 285-і жаңадан салынады. Ал Қазақ құрылыс, сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты 2017 жылдан бері Алматыдағы әр нысанды тексеріп, құжат жасап жатыр. Былтырдан бері 17 мыңға жуық нысанға зерттеу жүргізген. Кешенді жоспар бойынша енді басқа қалаларда осындай құжаттама әзірленеді. Бұл ең осал құрылысты анықтауға мүмкіндік береді. Ал аудандастыру картасы жаңа құрылыс талаптары мен ережелерін әзірлеуге негіз болады.
Ералы Шоқпаров, "ҚАЗҚСҒЗИ" АҚ Өндіріс бойынша басқарушы директоры:
- Карта жасап болғаннан кейін біздің мамандар құрылыс нормаларын бекітеді. Бұ құрлыс нормалары кез келген бүгінгі таңда сейсмикалық төзімді құрылыс нормалары ол бүкіл Қазақстанның аймағына арналған. Ал карталар жасалып біткенннен кейін әр аумаққа жеке-жеке құрылыс норомасы болады. Ол регионалды құрылыс нормасы деп аталады. Таразға бөлек, Шымкентке бөлек, Өскеменге бөлек құрылыс нормалары болады.
Алдағы уақытта қазақстандық ғалымдар сейсмологияның екі жаңа бағыты бойынша жұмыс істейді. Біріншісі орбиталық спутниктерден алынған ақпарат негізінде Жерді қашықтан аудандастыру. Екіншісінде белсенді тектоникалық жарықтардан бөлінетін радиоактивті радон газының деңгейін зерттейді. Оның көзі Алматы облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде кездеседі. Бұл ұзақ мерзімді шаралар жер сілкінісінің ықтималдығын болжауға мүмкіндік береді.
Қарлығаш Қайыпбекова, Эдуард Кон, Валентин Лобанов