"Сарыарқа" хоккей клубы мемлекетке қайтарылды

Қарағандыда 37 жер телімі заңсыз берілген.

Сондай-ақ, құны 900 млн теңге тұратын "Сарыарқа" хоккей клубын әлдебіреулер атына аударып, жекешелендіріп алған.

Облыстық прокуратура мамандары заңды белден басқандардың жолын кесіп, мүліктер мемлекет меншігіне қайтарылды. Қазір құқық қызметкерлері аталған нысандарды жекешелендірудің заңдылығын тексеріп жатыр.