Әкімшілік сотқа жыл сайын 4,5 мың іс түседі

Астанада мемлекеттік сатып алу, жер дауы, салық және кедендік мәселелері бойынша әкімшілік істі қарау жүйесі күшейтілуі керек.

Мемлекеттік орган мен қарапайым халық арасында келелі келісімдер болуы тиіс. Қала әкімі аппараты басшысының орынбасары Әкімшілік мәселе бойынша пікірталас клубының отырысында осылай деді.

Жанасыл Шаукентаевтың айтуынша, азаматтардан күніне 30-дан астам арыз-шағым түседі. Оның жартысына жуығы бірден шешімін табады. Ал қалған іс әкімшілік сотқа жолданады.

Жалпы мұндай жиын осымен 5-рет ұйымдастырылып отыр. Оған қатысушылар саладағы олқылықтардың алдын алу және проблемалардың шешімін қарастырады.

Жанасыл Шаукентаев, қала әкімі аппараты басшысының орынбасары:

- Мысалы кейде бір азамат азаматтық-рәсімдік кодекс талабын басқаша түсінетін болса, екінші адам басқаша түсініп жатады. Сондықтан осындай мәселелерді бүгін шешу, бір мәмілеге келу, әрі қарай практика дейміз ғой, тәжірибе қалай өзгереді, соны реттеу жөнінде кездесу.

Нұрлан Әубәкіров, қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы:

- Бізге мысалы, Астана қалалық әкімшілік сотына жылына 4 жарым мыңнан астам іс түседі, 4-5 мың, соның шамасында. Біздің әкімшілік соттарда мемлекет пен азаматтар арасында дауларды талқылаймыз. Статистика бойынша 65 пайыз шамасында ол адамдардың пайдасына шешіліп жатады.