Қазақстанда жасанды интеллект туралы заң қабылданады

Елде 2025 жылдың алғашқы жартысында "Жасанды интеллект туралы" заң қабылданады.

Ал бүгін ел үкіметі алдағы 5 жылға арналған тұжырымдаманы бекітті. Бұған мемлекет басшысы бастамашы болған ед. Енді суперкомпьютерді орналастыру, халықаралық әріптестік арқылы деректерді өңдеу орталықтарын салу, жасанды интеллект ұлттық платформасын құру межелері тұр. Осы платформа аясында 2029 жылға қарай жыл сайын 25-ке дейін жасанды интеллект өнімі әзірленеді. Сондай-ақ жыл сайын 1 мың жасанды интеллект маманын, 100 стартап және 10 ғылыми жоба дайындау көзделеді. Осылайша жасанды интеллектті оқытатын жоғары оқу орындарының үлесін 2025 жылғы 20% - дан 2029 жылы 60% - ға дейін ұлғайтылады.