Қазақстанда жекеменшік лагерьлер азайып барады

Қазақстанда жекеменшік лагерьлер саны азайып барады.

Биыл жазда бүлдіршіндерді қабылдауға 79 бизнес өтінім берген. Екі жыл бұрын олардың саны 95 болатын. Дегенмен балалардың жазғы демалысын өткізетін орынға деген сұраныс жыл сайын артып келеді. Балалар және жасөспірімдер туризмі қауымдастығының дерегі бойынша қала сыртында балғындардың тек 8 пайызы демала алады. Бизнестің бұл саладан кету себебі неде?

Зерендіде демалып жатқан бұл балалар еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған. 7 -ден 17 жасқа дейінгі оқушылар. Олардың әрқайсының көңілін табу үшін қызықты бағдарлама құрастырылған. Мұнда шахмат ойнап, жасанды жартасқа шығуға, суға жүзіп, би кешіне қатысуға болады.

Арыстан Омаров, аға үйлестіруші-тәлімгер:

- Біздің лагерде 2 тьәлімгерге 20 немесе 25 баладан беріледі. Сол 2 тәлімгер сол 20-25 баламен жұмыс жасайды. Топтарға бөлінеді. Жасақтарға бөлінеді. Басында балалар келгенде таныстыру үшін бізде таныстық ойындар өтеді. Таныстық тренингтер өтеді. Бүкіл команда жинағы үшін тренинг для командовобразование деп аталады. Сондай тренингтер өткіземіз.

Мадияр Сайлаукелді, оқушы:

- Олар бізге әртүрлі мероприятиелерге дайындалған кезде рөлдерді бөліп береді. Және олар ойнаған кезде спорттарды дұрыстап бөліп береді. содан кейін олар бәрін істеп береді бүкілі қызықты болуы үшін.

«Парус» лагері былтырдан бері жұмыс істейді. бір уақытта 300 балаға дейін, жаз бойы 2 мыңға жуық қабылдауға қауқарлы. Қазір мұнда бассейні, спорт залы және коворкинг орталығы бар спорт кешені салынып жатыр.

- Биыл қиын. 10 күн жаңбыр жауып тұрды. Далада суық болды. Сол балаларды Зерендіге спорт комплекске алып барып, бассейнге сонда апарғанбыз. Енді алла жазса мынаны августің соңында тапсырсақ, балалар ендің осында болады.

Биыл ел бойынша бір жарым миллион оқушыны жазғы демалысқа жіберу жоспарланған. Алайда одан да көп баланы қамтуға болар еді, – дейді лагерь жетекшісі әрі Балалар және жасөспірімдер туризмі қауымдастығы басшысы Қайрат Сұлтанов. Бұған соңғы жылдары балаларға арналған жеке меншік демалыс орталықтардың жабылуы кедергі келтірді. ((графика)) Мәселен, 2022 жылы Қазақстанда 95 лагерь болса, 2023 жылы оның 9 жұмысын тоқтатқан. Биыл тек 79 жеке меншік мекеме балаларды қабылдады. Олардың саны қысқаруына шығындардың көбеюі себеп дейді Балалар және жасөспірімдер туризмі қауымдастығы өкілі. Биыл талаптар күшейген. Кәсіпкер ғимаратын толық жөндеуден өткізіп, жиһазы мен ыдыс-аяғын, көрпе-жастығын жаңартып қана қоймай, дабыл жүйесі мен бейнекамералар орнатуға, қарулы күзет қоюға міндетті.

Қазақстандағы балалар лагерьлерінің саны

2022 жыл – 95

2023 жыл – 86

2024 жыл –79

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дерегі

Қайрат Сұлтанов, балалар лагерінің директоры:

- Фермерлер көктем мен күзде 2,5%-дық жеңілдетілген несие алады. Ал біз 19,5%-бен алуға мәжбүр болдық. Өйткені тезірек жұмысқа кірісу керек болды. Субсидия алу өте қиын. Ауылдық жерде несие қолжетімді емес. Қалада пайзыдық мөлшерлеме 7-7,5 пайыз болса, біз 10 пайызбен аламыз. Ал лагерь жылына 2,5 ай ғана жұмыс істейді. Табысы да төмен. Сондықтан ешкім айналысқысы келмейді.

Кәсіпкердің негізгі шығыны тамақтандыруға кетеді. Бір баланың бір күндік тамағына 4,5 мың теңге жұмсалады. Былтыр тамаққа бес жарым миллион теңге кеткен. Биыл өндірушілермен тікелей байланыс орнатудың арқасында бұл шығындарды азайды. Соның арқасында кәсіпкер жолдама бағасын 86-116 мың теңге арасында сақтап қалды. Бірақ түбегейлі өзгеріс енбей бұл салада жұмыс істеу қиын. Мәселен, мемлекеттік балалар лагерлері қосымша құн салығынан босатылған. Ал жекеменшік мекемелер алымның барлық түрін төлеп келеді дейді, лагерь басшысы. Ал Оқу ағарту министрлігі биыл 1,5 млн баланы тегін демалысқа жіберілетінін мәлімдеді. Дегенмен лагерлер жеткіліксіз дейді мемлекеттік орган өкілі.

Алтай Рахимбердин, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің басқарма басшысы:

- Сұраныс жыл сайын артып келеді. Осыған байланысты президент 50 балалар лагерін салуды тапсырды. Былтыр 2 нысан қолданысқа берілді. Олар Ақмола облысында орналасқан «Жас дәурен» және Жамбыл облысында орналасқан «Мөлдір бұлақ» лагерьлері. Олар қазір жұмыс істеп тұр. Биыл тағы бес лагердің құрылысы жұріп жатыр.

Ақмола облысы

Алдағы екі жылда тағы 43 лагерь салып үлгереміз бе? Әзірге бұл сауалдың жауабы жоқ. Қазіргі бюджет тапшылығы кезінде бұл жұмыстарға кәсіпкерлерді тарту керек. Бірақ жеңілдікер қарастырылмай, жағдай түзелмейді, дейді Қайрат Сұлтанов.

Серік Селеубайұлы, Ғалымжан Абылахат