Жыл басынан бері жемқорлардан 195 млрд теңге өндірілді
Антикор заңсыз алынған активтерді кері қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Антикор заңсыз алынған активтерді қайтару бойынша халықаралық ынтымақтастықты күшейтіп жатыр. Соның арқасында Франция, Лихтенштейн, Түркия, Ресей және басқа да елдерден 736 миллион доллардан астам ақша, бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлік пен зергерлік бұйымдар қайтарылған.
Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істер аясында жыл басынан бері 195 миллиард теңге өндірілген. Және 2,5 жылда елге олигополиялар тарапынан 1 триллион теңгеден астам қаржы қайтарылды. Антикор бүгінге дейін шетелдік әріптестерімен 13 меморандум жасасқан. Оның 4-еуіне биыл қол қойылды.