Елімізде балаларға көмек көрсету бағдарламасы әзірленді

Елде зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке немесе буллингке ұшыраған балаларға кешенді түрде көмек көрсетіледі деп хабарлайды 24kz.

Өңірлерде оқу-ағарту министрлігі әзірлеген арнайы бағдарлама енгізіліп жатыр. Мұндай көмек облыстық деңгейде психологиялық қолдау орталықтары жанында, ал аудандарда білім бөлімдерінің базасында жүзеге асады. Мақсат – балаларды мінез-құлқындағы жағымсыз әдеттерден арылту. Сондай-ақ психологиялық күйзеліске түскен жасөспірімдердің жағдайы мен қажеттіліктеріне баға беріледі. Осылайша, медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетіледі. Ата-аналарға да бірыңғай әдістеме бойынша жан-жақты қолдау қарастырылған.