Түрмедегі бейнекамераны бұзғандар жазаланатын болады

4 жылда түрмеге түсетіндердің саны 7 мыңға өскен деп хабарлайды 24kz.

Дені мал ұрлап, отбасында жанжал шығарып немесе жол-көлік ережесін бұзғаны үшін сотталғандар. Бұл жайында қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшылығы мәлімдеді. Жалпы елде 78 түзеу мекемесі бар. Онда 37 мыңнан астам сотталған азамат жазасын өтеп жатыр. Оның 93%-і ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар. Биыл қызметкерлер тарапынан сотталғандарды азаптау дерегі тіркелмеген. Түзету мекемесіндегі тәртіпті сақтау мен қадағалау мақсатында 38 мыңнан аса бейнебақылау камерасы орнатылды. Оны Бас прокуратура өкілдері онлайн режимде көре алады. Жүйе енгізілген сәттен бастап 21 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды. Сондай-ақ 47 суицид пен 4 рет қашу әрекетінің алды алынды. Дегенмен, сотталушылар заңсыз әрекеттерін жасыру мақсатында камераларды қасақана зақымдайды екен. Былтыр осылай 716 құрылғы істен шықты. Енді қазір қондырғыларды қасақана бүлдіріп, жойғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіліп отыр.

Теңізжан Жәнібеков, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы:

- Бұл 428-бап Қылмыстық кодексте. Бұл ретте бейнекамераларды жою үшін жауапкершілік арнайы контингентке де және қызметкерлерге де көзделген. Бапты санкциясы бейнекамераларды бүлдіргені үшін 7 жылға дейін жазаны қарастырады. Ол өзі 3 тармақтан тұрады.