Жарты жылда 35,6 млн жолаушы такси қызметін пайдаланды
Жарты жылда елде 35,6 млн жолаушы такси қызметін пайдаланды.
Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросы ұсынды. Ресми деректер бойынша жыл басынан бері такси қызметіне жүгінгендер саны 37,6 пайызға өскен. Ал жолаушыларды такси арқылы тасымалдаудан түскен табыс 4 млрд теңгені құрайды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 29,8 пайызға жоғары.