Ақтөбенің Ойыл ауданында 178 үй салынып жатыр
Ақтөбе облысында да су тасқынының зардабын жою жұмыстары жүріп жатыр.
Ойыл ауданының өзінде 178 үй салынуда. Оның бірсыпырасы Қаратал ауылында бой көтеріп келеді.
Әнуарбек Мырзатайұлы, тілші:
- Біз Ойыл ауданындағы Қаратал ауылында тұрмыз. Қазір мұнда 132 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жаңа баспаналар елді мекендегі әр көшеде бой көтеріп келеді. Бұл жұмысқа 10-нан астам мердігер компания жұмылдырылған.
Ал Қаратал наурыз айының соңында су тасқынына ұшыраған. Салдарынан ауыл тұрғындары аудан орталығы Ойылға эвакуацияланды. Кенеттен келген қарғын судан 210 үйді басып қалды. Қазір жарамсыз күйге түскен 132 баспананың орнына жаңасы салынып жатыр. Ал 60 отбасы дайын үйге көшкен. Сондай-ақ 18 отбасының баспанасы жөндеуге жатқандықтан, өтемақы төленді. Қазір тасқынның салдарын жою ісі қарқынды жүріп жатыр. Соның ішінде әлеуметтік нысандарда да жұмыс қызу. Атқарылып жатқан жұмыстар жайлы тұрғындар пікір білдірген.
Гүлнәр Сұлтанова, Қаратал ауылының тұрғыны:
- Жалпы Ойыл ауданы көктемгі тасқын кезінде бойынша 328 үйге су кірген. Оның ішінде 307-сі тұруға жарамсыз деп танылыпты. 129-ына жайын баспана алынған. Қалғандарын үймен қамту ісі жүріп жатыр.