Студенттік омбудсмендер жатақханаларға мониторинг жүргізеді

Студенттік жатақханалар қадағаланады деп хабарлайды 24kz.

Омбудсмендер институты «Қазақстан студенттерінің альянсы» қозғалысы мен Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Студенттер кеңесімен бірлесіп, жатақханаларға мониторинг жүргізеді. Тексеріс барысында орындарды бөлу критерийлері мен тұру жағдайлары бағаланатын болады. Сондай-ақ жеке жатақханалардың жаңа оқу жылында жастарды қабылдауға дайындығы мен орын тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған университеттермен жасалған шарттар тексеріледі. Осы ретте Омбудсмендер институты барлық өңірдің белсенді жастарын арнайы мониторингтік топқа қосылуға шақырады.