Үкімет басшысы қаза тапқан зауыт жұмысшыларының отбасына көңіл айтты
Премьер-министр Қарағанды ферроқорытпа зауытындағы төтенше жағдай салдарынан қаза тапқан жұмысшылардың отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтты деп хабарлайды 24kz.
«Суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Оқиғаның себептерін анықтау менің жеке бақылауымда. Қаза тапқандардың отбасына барлық қажетті қолдау көрсетіледі», - деді Олжас Бектенов.
Қазір апат болған жерде арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.