Шығыста өзен жағалаулары бақылауға алынды
Шығыс Қазақстанда өзен жағалаулары жерден де, көктен де бақылауға алынып, демалушыларға үздіксіз ескерту жасалып жатыр.
Шомылу маусымы басталғалы бері өлкеде 3 адам ажал құшты. Буревестник саяжайы маңында суға түсүге арналмаған аймақта 37 жастағы әйел батып кетті. Сонымен қатар бір аптадан бері Самал саябағындағы Ертіс жағасында жоғалып кеткен 7 жасар бала да әлі табылған жоқ. Құтқарушылар рейд ұйымдастырып, шомылуға тыйым салынған жерлерде тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Барлық аймақты қамту үшін дрон аппараттарын да іске қосты. Жалпы осы күнге дейін мамандар суға түсуге қауіпті жерде батып кете жаздаған 18 адамды құтқарып қалды. Ескертуді елемегендерге айыппұл да салынып жатыр.
Ерік Тұрсынғалиев, ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері:
- Бүгінгі күнге дейін әкімшілік құқық бұзушылық фактісі осындай жерлерге суға түсу 364-бапқа сәйкес бізде қазір осы бойынша 60-қа таман адам қауіпсіздік ережелерін бұзу арқылы әкімшілік жауапқа тартылды. Олар әкімшілік жауапқа тартыла отырып, балаларына да әке-шешелеріне де қосымша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырмыз.