1 қыркүйектен бастап «Әлеуметтік әмиянның» қолданысы ұлғаяды
Бірінші қыркүйектен бастап «Әлеуметтік әмиян» жобасының қолданысы ұлғаяды, деп хабарлайды 24kz.
Былтырдан бері пилоттық режимде азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, оқушыларды тегін және жеңілдікпен тамақтандыру секілді қызметтер атаулы жүйеде іске асырылып келген. Дәрілерді үйлестіруге 13, ал тегін ас беру ісіне 93 ұйым қосылған еді. Жоба қарқын алса, мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін одан әрі оңтайлана түспек. Алда «Әлеуметтік әмиян» шеңберінде ақшалай қаражатты монетизациялау қолға алынуы мүмкін. Әмияндағы қаржыны әлеуметтік осал топ өкілдері қажетті көмек түрлеріне пайдалана алады.