Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік құны қалай өзгерді?

Еліміздегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы жарияланды, деп хабарлайды 24kz.

Жаздың алғашқы айында бір бөлке нанның орташа құны 197 теңге болған. Ақмола жұртшылығы ас атасы үшін 236 теңге төледі. Ал ақтөбеліктер 1 нанға 158 теңге жұмсаған. Елдегі ең арзан баға осы. Халық көп тұтынатын сиыр етінің нарықтағы бағасына тоқталсақ: орташа ақы 2500 теңге. Өнім Ақтөбеде 2200 теңгеге сатылды. Ал елорда тұрғындары 3 мың теңгеге алған. Қант Ақмола облысында қымбатырақ – 456 теңге тұрса, Ақтөбеде небәрі 378 теңге. Ал ең арзан картоп Павлодар облысында сатылды, оның бір келісі 142 теңге, ал Ұлытаудағы баға – 275 теңгеге барады. Ең қымбат күнбағыс майы Астанада сатылған. Литрі 726 теңге болса, Ақтөбе облысында 548 теңгені құрады. Өнімнің елдегі орташа құны – 626 теңге.