Павлодар облысында азық-түлік бағасы тұрақты
Бірақ облыстық кәсіпкерлік басқармасының мамандары жыл сайын осы мезгілде қантқа сұраныс артатынын айтады, деп хабарлайды 24kz.
Қазір шекердің бір келісі 350 теңге. Өнім күрт қымбаттағанның өзінде бағасын реттеуге мүмкіндік бар. «Себебі тұрақтандыру қорында қанттың 1,5 мың тоннасы сақтаулы», дейді олар. Сонымен қатар қоймада 450 тонна күнбағыс майы бар. Ал көкөніс бағасы айтарлықтай төмендеген.
Кәрімжан Байсарин, Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы:
- Бүгінгі күні картоптың бағасы 180 теңге, яғни, 40 теңгеге арзандағаны белгілі болды. Пияз 120, қырыққабат 180 теңге тұрады. Екі апта бұрын көкөніс бағасының 50-60 теңгеге жоғары болғанын атап өткім келеді.