СҚО-да ₸32 млн-ның бидайын ұрлаған күдіктілер анықталды
СҚО полициясы 32 млн теңгенің бидайын ұрлаған күдіктілерді анықтады, деп хабарлайды 24KZ.
Олар облыстағы шаруа қожалықтарының бірінен 200 тоннадан асатын өнімдерді қолды қылған. Бидай түнгі уақытта тіркемесі бар КамАЗ жүк көліктерімен шығарылған, деп хабарлайды Полиция департаментінің өкілдері. Қазір жүк көліктерінің жүргізушілері мен 1982, 1985 жылдары туған 2 күдікті, сондай-ақ көршілес Қостанай облысындағы сатып алушыларды анықталды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Асқар Мұхаметқалиев, СҚО ПД бастығының орынбасары:
- Барлық автокөлік тәркіленіп алынды. Күдіктілер мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Кәсіпкерлік объектілерінің иелерімен тұрақты профилактикалық жұмыс жүргізіледі. Аумақты қоршауға, объектілерді бейнебақылаумен, сигнализациямен, күзетпен күшейтуге кеңес береміз. Аталған шаралар аумаққа заңсыз кірумен байланысты мүліктік қылмыстарды жасау қаупін айтарлықтай төмендетеді.