Ақтөбе облысындағы ауылда субұрқақ ашылды

Ақтөбе облысының Шұбарқұдық ауылының орталық алаңында субұрқақ ашылды, деп хабарлайды 24KZ.

Құрылысы бір жылға созылған нысанның жоба құны – 21 млн теңге. Айналасы абаттандырылып, тұрғындар үшін жайлы жағдай жасалды.

Биыл ауданда 3 субұрқақ ашу жоспарланған. Алдағы уақытта Темір қаласында да біреуі іске қосылады. Одан бөлек, ауылдарда саябақ мен гүлзарларды көбейту көзделіп отыр. Олардың күтімі де басты назарда болмақ. Сондай-ақ аудан бойынша 8 көшеге жарық шамдары ілініп, 10-нан астам үйдің ауласына ойын алаңы салынады.

Бабатай Салиманов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Ең бірінші рет осындай жақсы, әдемі зат – субұрқақ ашылды. Ауылымызға жаңа «брусчаткалар» төселді. Келген қонақтар, ауыл халқы жақсы қабылдап жатыр. Енді игілігімізге пайдалануға жазсын дегіміз келеді.