Маңғыстау облысында заңсыз пансионаттарға ₸1,3 млн айыппұл салынды

Маңғыстаулық прокурорлар заңсыз діни пансионаттардың қызметін тоқтатты.

Оларға 11 әкімшілік хаттама толтырылып, 1,3 млн теңге айыппұл салынды. Ол жерден тәрбиеленушілердің діни әдебиеттерді пайдаланғаны, басқа да заңбұзушылық фактілері анықталған. Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуратурасы мәлім етті. Мамандардың айтуынша, 5 пансионаттың екеуі Мұнайлы, қалған үшеуі Жаңаөзен қаласы мен Қарақия, Түпқараған аудандарында орналасқан. Қазіргі уақытта пансионаттардың тіркеу күші жойылып, қызметтері түбегейлі тоқтатылды.