«Amanat» өкілдері Павлодар облысы халқының мәселелерін тыңдады
Павлодар облысының Ақтоғай ауданына қарасты Әуелбек ауылына пошта бөлімшесі қажет, деп хабарлайды 24kz.
Себебі, ауылда тұратын 200-ден астам зейнеткер зейнетақысын пошта арқылы алып, сәлемдеме мен хат-хабар алмасып үйренген. Елді мекенге «Amanat» партиясының мобильді қоғамдық қабылдау бөлімі сапарлап барған. Көшпелі кездесуде ауылдықтар осы мәселені түбегейлі шешіп беруді сұрады. Интернет байланысының тұрақсыздығы да ауыл мектебі оқушыларының білім алуына кедергі келтіріп отыр. Қоғамдық қабылдау бөлмесіне келіп түскен өзге де бірқатар мәселе жергілікті атқарушы органдарға жіберіліп, қажет болған жағдайда республикалық деңгейде қаралады. Мобильді қоғамдық қабылдаудың көшпелі кездесулері өзге елді мекендерде жалғасады.
Әсел Қожахметова, «Amanat» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты:
- Жыл басынан ауылдық жерлерде қоғамдық қабылдау өткізілді. Міндетті түрде қоғамдық қабылдау бөлмесіне келіп түсетін барлық мәселелер жергілікті атқарушы органдарға, әкімдіктерге жіберіледі және қажет болған жағдайда республикалық деңгейде қарастырылып, назарға алынады.