Абайдың цифрлық портреті жасалды

Астанада хәкім Абайдың ең алып цифрлық портреті көпшілікке паш етілді, деп хабарлайды 24kz.

Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония әртісі Ұлжан Құлжанова «Көзімнің қарасын» орындап, айналмалы аттракционда бейнеленген портрет жанында музыкалық тарту жасады.

Цифрлық суреттің ауқымы 65 метрді қамтыған. Ол үшін 53 мың пиксельден астам LED-жарығы қолданылды. Бұл Нұра ауданы әкімдігінің Абай күні қарсаңында іске асырған жобасы.

Айта кетейік, LED жарықтарынан жасалған портретті халық 16 тамызға дейін көре алады.