Талдықорғандағы стадион құрылысы мерзімінен жарты жылға кешігіп жатыр

Талдықорғандағы орталық стадионның жөндеу жұмыстары мерзімінен жарты жылға кешігіп жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Нысан ақпан айында тапсырылуы тиіс болған. Бұл мақсатқа 1 миллиардтан астам теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстарымен Мәжіліс депутаты Болат Керімбек танысты. Мердігер осы күнге дейін жүгіру жолағын жаңартып, жарықшамдар орнатқан. Енді аяқдоп шеберлері қас қарайғанда да футбол ойнай алады. Қосалқы стадионға жасанды төсеніш төсеп, астындағы жылыту жүйесін күрделі жөндеген. Нысанды уақытылы тапсыра алмаудың себебін мердігер былайша түсіндірді.

Ербол Сыдықов, мердігер мекеме өкілі:

- Кешіктіру себебі бізде мына Ресейден ұсақ резеңке келуі керек болған. Толық келмегендіктен. Қалғанының бәрі Астанадан алдық. Нақты себебі осы. Қазіргі таңда 99% дайын тұр.

Болат Керімбек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Жетісу командасы әрқашан жақсы ойын көрсетеді. Мен ойлаймын, осы стадион толық жасалып біткен соң біз олардан жақсы ойынды, жақсы нәтижені ғана талап ету ғана қалады.