Тиктокта құмар ойын ұйымдастырғандар сотталды

Олар әлеуметтік желідегі заңсыз іс-әрекеттері арқылы 34 миллион теңгеден астам табыс тапқан.

Яғни ойын ережесі бойынша тікелей эфирге қосылған азаматтар 500 бен 4 мың теңге аралығында ұйымдастырушының есепшотына аударып, ұтысқа қатысады. Бәс жеңімпазы 3 ойын текшесін айналдыру арқылы анықталады. Нәтижесінде, астаналық 2 азамат ұсталып, сот шешімімен 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Айта кетейік, Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс жерлерде құмар ойын ұйымдастыруға тыйым салынған.