Үндістандық сарапшы: АЭС энергия мәселесін шешеді

Елімізде 2030 жылға қарай энергия тапшшылығы 13 миллиард киловатт/сағаттан асуы мүмкін.

Сәйкесінше тоқ тарта алатын көптеген гигаватты қондырғы қажет болады. Мамандардың болжамы осындай. Қазірдің өзінде жетіспеушілік байқалады. Ал оның шешімі ретінде атом электр станциясын салу ұсынылып отыр. Расымен станция бізге керек пе?

Қазір еліміз электр энергиясының тапшылығын импорт арқылы өтеп отыр. Ол үшін көрші елдерге жүгінуге мәжбүрміз. Жетіспеушілік, бір уақытта, 2,5 мың килловат/сағатқа жетеді. Бұл тым көп. Сондықтан жақын арада елдің оңтүстік аймағы бұрынғы әдіске көшуі мүмкін. Яғни өңір, жарықты әр сағат сайын өшіріп тұру тәсіліне қайта келуі ықтимал, дейді сарапшы.

Сумоджит Мукерджи, Үндістандағы энергетика агенттігінің бас сарапшысы:

- Меніңше, Қазақстан өзге елдердің атом өнеркәсібін зерттегені абзал. Мәселен Қытай алдағы 50 жылда ең көп реактор салуды көздеген. Сондай-ақ Францияны да айта аламыз. Онда қуаттың 70 пайызға жуығы осы атом энергиясынан келеді. Ұлыбритания болса, тағы 2 станция салуға кірісті. Ал Жапония, өзінің барлық 30 электр стансасын қайта іске қосуды жоспарлап отыр. Яғни бұл осы мемлекеттердің Үкіметі де, халқы да мұның маңыздылығын біледі деген сөз.

Әлемнің бірқатар елі қазір атом электро стансасының игілігін көріп отыр. Көшбасшылардың қатарында АҚШ, Қытай, Франция, Ресей және Жапония бар. Бұл елдер дамудың нағыз даңғылында десек, артық емес.

АҚШ – 94

Қытай – 56

Франция – 56

Ресей – 36

Жапония – 33

Сумоджит Мукерджи, Үндістандағы энергетика агенттігінің бас сарапшысы:

- Өнеркәсіптің қарқынды дамуы – елдің келешегіне тікелей әсер етеді. Ауыл шаруашылығына ден қою қажет. Бұдан бөлек, Айти саланы да айта аламыз. Олардың өркендеуіне – энергия керек. Ал энергияны алу үшін тағы бір ресурстың қажеттігі туындайды. Мәселенің шешімі бар, ол атом энергиясы. 

Қазақстанда жыл сайын энергияны тұтыну көлемі артып келеді. Сондықтан сарапшылар, тіпті бір станцияның құрылысы аздық етуі мүмкін деп отыр. Ал ел тұрғындарының пікірі сарапшылармен пара-пар. Олар атом электр станциясының игілігін көруіміз қажет, дейді. 

БЛИЦ:

- Қолдаймын. Егер бәрі ескерілсе, шетелдік тәжірибелерді жиі қолданса, мамандарды шақырып. 00.32/ Қауіпсіздік бойынша , әрине, 50/50 ойлауға болады. Себебі бұл жерде өте мұқият болу керек.

- Бізге атом электр станциясы қажет. Біріншіден ол әлеуметтік-экономикалық жағынан. Екіншіден, жастарға жұмыссыздығын азайтады.

- Жалпы атом электр станциясының салынғаны дұрыс деп ойлаймын. Өйткені қазір дамыған Әлем елдерінде өзге мемлекетті алып қарасақ Атом электр станциялары жұмыстарын бұрыннан бастап, елдің экономикасына үлесін қосып жатыр.

- Қолдаймын! Өйткені ол экономикаға пайда әкеледі. Современный қазір бұл станция, везде.

Ел экономикасын дамыту үшін энергияның керегі рас. Сондықтан атом электр станциясының құрылысы қазір қоғамдық талқылаудың басты тақырыбына айналып отыр. Оның нақты шешімі, қазақстандықтардың дауысы ескерілген референдумда белгілі болады.

Альмира Оразбай, Ырыстанбек Оспанов