Ұлытаудағы рәміздер алаңының құрылысы жақында аяқталады

Ұлытаудың етегінде салынып жатқан мемлекеттік рәміздер алаңының құрылысы 85% аяқталды, деп хабарлайды 24KZ.

3 гектар аумақты алып жатқан нысанда қазақ тарихының түрлі кезеңдерін бейнелейтін барельефтер мен жаяу жүргінші жолдары салынды. Құрылыс басындағы жұмыстармен Парламент Мәжілісінің депутаты Ерболат Сатыбалдин танысты. Қасиетті Әулиетау етегінде Мемлекеттік рәміздер алаңын ашуды 2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында тапсырған болатын. Қазақ халқының бірлігін насихаттайтын сәулетті нысан жыл соңына дейін тапсырылады. Қазір аумақты көгалдандыру және жарықтандыру жұмыстары жүріп жатыр.