Көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жүйелі шаралар кешені қабылданды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жүйелі шаралар кешенін қабылдады, деп хабарлайды 24kz.

Биыл 12 мың шақырым жол салынады. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Оның 8 мың шақырымы республикалық, қалғаны жергілікті маңызы бар жолдар. Саладағы тағы бір маңызды жоба – Алматы облысындағы Шамалған станциясында көлік өткелін салу. Бұл автокөліктердің темір жолдардан қауіпсіз әрі кедергісіз өтуін қамтамасыз етеді. Ал шығыста Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысы аяқталуға жақын. Көлік министрлігі жол инфрақұрылымын дамытудың 2029 жылға дейінгі ұзақмерзімді стратегиясын одан әрі жалғастырады.