Олжас Бектенов Ұлытау кеншілерін марапаттады

Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлытау облысының кеншілеріне Мемлекет басшысының атынан марапат табыстады, деп хабарлайды 24kz.

Алдымен Жыланды кенішіне барып, сала қызметкерлерін келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтады. Кейін білікті мамандарға «Құрмет» және «Еңбек даңқы» орденін табыстады. Одан бөлек, өңірдің өнеркәсіптік әлеуетімен танысты. «Қазақмыс корпорациясы» биылғы 6 айда аймақтағы жеткізушілерден 100 млрд теңгеге жуық тауар, жұмыс және қызмет сатып алды. Жергілікті кәсіпорындармен шамамен 30 млрд теңгеге офтейк-келісімшарт жасалды. Республикалық және жергілікті бюджетке түсетін түсімдер бірнеше есеге өсті. Облыс өнеркәсіптің өткен жылғы көрсеткіштерімен салыстырғанда 7% өсіммен елімізде 4-орында тұр. Премьер-министр бұл қарқынды төмендетпеуді тапсырды және одан әрі өсу үшін қолда бар резервтерге назар аударды.