«Қазақстан халқына» қоры сәулемен емдеу жабдықтарын алып жатыр

Онкологиямен күрес бойынша кешенді жоспар аясында өңірлерде сәулемен емдеуге бағытталған жабдықтар паркі жаңартылып жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Денсаулық сақтау министрлігі «Қазақстан халқына» қорымен бірге 16 заманауи желілік жеделдеткішті сатып алды. Мұның маңызы зор. Атом энергиясы жөніндегі Халықаралық агенттік ұсынымдарына сай сәулемен емдеу онкологиялық аурулары бар науқастардың 70%-ін қамту керек. Еліміздегі көрсеткіш 30%-ден сәл асады. Қазір өңірлерде 32 арнайы аппарат қойылды. Алматы, Ақмола, Түркістан, Ұлытау облыстарында сәулемен емдеуге қажет жабдықтар әлі де жоқ. «Қазақстан халқына» қоры 2025 жылға дейін 5 желілік жеделдеткіш сатып алмақ.