СҚО-да 1 млн тонна шөп жиналды
Солтүстік Қазақстан облысында бір жарым жылға жететін шөп қоры дайындалады, деп хабарлайды 24kz.
Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, қазір өңірде 1 млн тоннаға жуық мал азығы жиналған. «Биыл шабындық шығымдылығы өткен жылға қарағанда екі-үш есе көп», - дейді мамандар. Сәйкесінше, баға да едәуір арзандады. Қазір шөптің тоннасы 12-14 мың теңге аралығында. Ал облыс бойынша 900 мыңға жуық мал басы есепке алынған.
Мейрам Меңдібаев, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы:
- Өңір шаруалары шөптің 1,5-2 жылдық қорын дайындайды. Мол өнімге байланысты ауыл тұрғындары да көптеп шауып алды. Енді егін жинау науқанынан кейін сабан жиналады.