Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды

Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген тағы бір күдікті Ресейден экстрадицияланды.

Бұл туралы Қазақстанның Бас прокуратурасы хабарлады. Алаяқ банк филиалының қызметкері бола отырып, тұтынушылардың атынан несие рәсімдеген. Қаржыны достарының есепшотына аударып, кейін оны қолма-қол ақшаға айналдырған. Қылмыстық әрекет салдарынан 60 млн теңге көлемінде залал келген. Оған халықаралық iздеу жарияланып, ағымдағы жылдың сәуір айында Краснодар аумағында ұсталды. Көрші ел тарапымен экстрадициялау туралы келісім жасалып, қазір күдікті тергеу изоляторында отыр. Ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, жыл басынан бері Ресейден Қазақстанға іздеуде жүрген 11 адам экстрадицияланды. Олар 350-ден аса адамға 7 миллиард теңгеге жуық шығын келтірген.