ҚР ДСМ: Қазақстанда жыл сайын 200 мыңға жуық бала жарақат алады

Жыл сайын Қазақстанда 200 мыңға жуық бала жарақат алады, деп хабарлайды 24kz.

Оның ішінде 1,2%-і мүгедек болып қалып жатыр. Мұндай жаға ұстатарлық статистиканы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі айтты. Жарақаттар жол апаты, суға бату, улану, құлау, термиялық күйік алу оқиғаларынан болады. Әсіресе, соңғы жылдары балалардың терезеден құлап кетуі жиілеген. Биыл алғашқы жартыжылдықтың өзінде 223 бөбек биіктен құлап кеткен. Оның 12-сі көз жұмды.

Мағрипа Ембергенова, ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры:

- Былтыр түрлі оқыс оқиғалар салдарынан 1093 бала көз жұмды. Тағы мың бала ауыр жарақат алды. Жарақат деректерінің 70%-і үй жағдайында болады. Балалар жарақатының алдын алу жөніндегі жол картасын әзірлеу үшін халықаралық ұйымдардың қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.