Солтүстікте диқандар егінге орақ салды
Солтүстік Қазақстан облысында диқандардың алды егінге орақ салды.
Биыл өңірде төрт жарым млн.гектар алқапқа дәнді дақыл егілді. Қазір жиын-терім науқанына 7 мыңнан аса техника жұмылдырылған. Бидайдың шығымы гектарына орташа есеппен 16 жарым центнерден айналды. Күзгі дала жұмыстарына Үкіметтен арзандатылған бағамен жанар-жағармай берген. Өңірде биылғы астықты қабылдап сақтауға толық мүмкіндік бар. «Негізі міндет – егінді шашау шығармай дер кезінде жинап алу», дейді облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев.
Мейрам Меңдібаев, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы:
- 46 элеватор бар. Олардың көлемі сыйымдылығы 3,2 млн тонна. Сосын біздің ауыл шаруашылығында өздерінің ХПП бар. 332 ХПП. Оның сыйымдылығы 3,7 млн тонна. Олар бәрі қазір дайын тұр.