Ақтөбе су қоймасында кешенді жөндеу жұмыстары басталды
Ақтөбе су қоймасында кешенді жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды 24kz.
36 жыл бұрын салынған гидротехникалық құрылғы бұған дейін күрделі жөндеу көрмеген. Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасына сәйкес стратегиялық нысанның су өткізетін құрал-жабдықтары мен бөгеті жаңартылады. Елек өзенінің бойындағы жасанды көл 245 млн текше метр ылғал сақтауға қауқарлы. Алайда биыл көктемде ернеуіне жетіп, 540 млн текше метр су өткізген.
Елібай Ізмаханов, Ақтөбе су қоймасының басшысы:
- Жоғарғы және төменгі су өткізу каналдары, эксплуатациялық және көктемгі су тасқынында ашылатын арналары жөнделеді. Инженерлік-техникалық бөгеттері бекітіледі. Қазір суқойманы ашып, суын азайтып жатырмыз. Бөгеттің етегіне жеткен соң бекіту жұмыстары басталады.