Әлемде 59 АЭС салынып жатыр
Әлемде 59 атом электр станциясы салынып жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Оның дені Қытайда бой көтереді. Шығыстағы көршіміз қазірдің өзінде 57 станцияның игілігін көріп отыр. Электр бекетін салуда көшбасшы елге айналған олар қазақстандық әріптестеріне көмектеспек ниетте. Жалпы күзгі референдумда халық атом станциясын салуды қажет деп тапса, құрылысты жүргізуге төрт компания дайын отыр. Солардың сапында қытайлықтар да бар. Бұл туралы Қытай ұлттық ядролық корпорациясының вице-президенті Чао Ган айтты.
Чао Ган, Қытай ұлттық ядролық корпорациясының вице-президенті:
- Қазақстан мен Қытай қатынасын достыққа бағытталған берік әріптестік байланыс деп бағалауға болады. Біз көршілерімізге, сіздерге АЭС салу бойынша көмектескіміз келеді. Ең басты талап – қауіпсіздік. Сондай-ақ маман даярлауға да басымдық береміз. Болашақта салынуы мүмкін атом станциясында уақыт өте келе толық қазақстандық кадрлар қызмет ету керек.