2024 жылы әлеуметтік салада 95 жемқорлық тіркелді
Биыл әлеуметтік салада 95 жемқорлық қылмысы тіркелді, деп хабарлайды 24KZ.
Мемлекет көмегіне мұқтаж жандардың қалтасына қол салған 34 адам сотталды. Барлығы 58 адамның жымысқы әрекеті әшкереленді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі мәлімдеді. Атап айтсақ, Жаңаөзендегі емхана директоры мен бас бухгалтері 10 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінген. Ал Атыраудағы емхана басшылығы кәсіпкерлерге негізсіз 231 млн теңге аударған және сот үкімімен 5 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.