Сарапшы: Ядролық энергетиканы дамытуда Қазақстанның әлеуеті зор

Қазақстан уран қоры бойынша әлемде бірінші, ал оны өндіруде екінші орынға ие. Ядролық отынды өндіріп қана қоймай, оны шет жұрттарға  экспорттап отырмыз, деп хабарлайды 24kz.

Шетелдік сарапшылар осы орайда біздің ел ядролық энергетиканы дамытуға әлеуетті деп бағлайды.

ТМД ішінде Қазақстан атом энергетикасын дамытқан ең алғашқы елдердің бірі. Бірінші реактор 1973 жылы салынған. Сондықтан мемлекетте ядролық жобаларды іске асыру үшін білікті мамандар секілді қажеттінің бәрі бар. МАГАТЭ-нің бұрынғы қызметкері Тарик Рауфтың пікірі осындай.

Тарик Рауф, МАГАТЭ Тексеру және қауіпсіздік саясаты бөлімінің бұрынғы басшысы:

- Ақтауда атом реакторы болды. Ол 27 жыл пайдаланылғаннан кейін 1999 жылы жабылды. Нысанның қуаты мың мегаватт болса да, 700 мегаватт деңгейінде жұмыс істеген. Сондықтан Қазақстанның ядролық энергетиканы дамытуда тәжірибесі бар. Мемлекетке жас кадрларды дайындау керек. Атом электр станциясын салуға біраз уақыт керек. Сол уақытта қызметкерлерді оқып үйретуге жұмсауға болады.

МАГАТЭ-де ядролық энергетиканы ендіретін мемлекеттерге қолдау көрсетудің бірнеше кезеңі қарастырылған. Бұл нысанды тұрғызуды жоспарлау, қызметкерлерді дайындау, құрылыс жұмыстары. Оған 10-12 жыл кетуі мүмкін. Реактордың өзі 60 жылдай жұмыс істейді. Пайдаланылған отын 3-4 жыл сайын алынып отыру керек. Бұл ретте мұнымен айналысатын білікті мамандар қажет. Тарик Рауф Қазақстанда ядорлық қалдықты сақтауға қатысты қиындықтар болмайтынын айтады. Бұл ядролық қару жасауға арналған материал емес. Сондықтан барлық ережені сақтаса, қауіпсіздік бойынша проблема туындамау керек дейді. Сарапшы атом электр станциясының қаупі туралы әңгімелер негізссіз екенін айтады. 

Тарик Рауф, МАГАТЭ Тексеру және қауіпсіздік саясаты бөлімінің бұрынғы басшысы:

- Германияда атом электр станциясын жабу саяси тұрғыда қабылданған шешім. Бірақ тиімсіз болды. Өйткені неміс елінде көмірді көп жағып, атомосфераға көмірқышқыл газын одан да көп бөле бастады. Демек, мұндай шешім энергетикалық қажеттіліктерден емес, саяси тұрғыда қабылданса, кері әсері болатынын да көріп отырмыз.

Сарапшы энергия көздерін әртараптандыру үшін тепе-теңдікті сақтай білу керек дейді. Мысалы кейбір елдер суды пайдалана отырып, электр энергиясын өндіреді. Ал басқалары атом энегретикасы мен жаңартылатын энергия көздерін бірге дамыту арқылы мұнай мен газдан біртіндеп бас тартып жатыр.

Тарик Рауф, МАГАТЭ Тексеру және қауіпсіздік саясаты бөлімінің бұрынғы басшысы:

- Электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз ету үшін алдағы 40-50 жылда атом энергетикасының маңызы зор болады. Әсіресе, көмірқышқыл газының мөлшерін азайту бойынша көп көмегі тиеді. Атом энегретикасынсыз тұрақты даму масқаттарына қол жеткізе алмаймыз.

Біздің Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанмен ортақ электр желілеріміз бар. Қазақстан көрші елдерге электр энергиясын жеткізіп отырса болады. Бұл ретте еуропалық сарапшы кез келген мемлекетке атом электр стациясын салудың қажеті жоқ дейді. Айтуынша, уранның ірі өндірушісі ретінде Қазақстан оны экспорттап қана қоймай өзінің энергетикалық қажеттіліктері үшін пайдалану керек.

Авторлары: Жұлдыз Атагельдиева, Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов