Серік Жұманғарин Абай облысының фермерлерімен кездесті
Абай облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин бидай егісінің жай-күйімен танысып, жергілікті диқандармен кездесті, деп хабарлайды 24kz.
Кездесуге орта және шағын шаруа қожалықтарының басшылары қатысты. Кәсіпкерлер қытайлық инвесторлармен ынтымақтастыққа қызығушылық танытты, бірақ өнімдерді, оның ішінде қауын мен асқабақ тұқымдарын экспорттауда қиындықтардың бар екенін атап өтті. Серік Жұманғарин шаруаларға бүгінде Қазақстан мен Қытай арасында егін және мал шаруашылығы өнімдерінің 23 түрі бойынша хаттамаға қол қойылғанын хабарлады. Тағы 11 түрі бойынша келісім жоспарда бар. Ол Ауыл шаруашылығы министрлігіне Қытайға экспорттың барлық мүмкіндігі туралы егжей-тегжейлі түсіндіруді тапсырды. Сонымен қатар шаруалар Абай облысында «ҚазСуШар» мекемесінің жеке филиалын ашу қажеттігі туралы да мәселе көтерді. Серік Жұманғарин Су және ирригация министрлігінің өкіліне бұл мәселені тез арада шешуді тапсырды. Вице-премьер сапар аясында бірқатар кәсіпорындарды аралады.