Президент: Кез келген әлеуметтік көмек әділ, ашық және тиімді болуы тиіс

Биыл Ұлттық қордан 7 млн балаға 300 млрд теңге аударылды, деп хабарлайды 24kz.

Мемлекет мезіретіне қолжеткізген өзге де әлеуметтік топ өкілдері бар. Мәселен жыл басынан бері зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтарға арнайы төлемдер беріліп бастады. Дегенмен, әлеуметтік әлеуеті жақсы болса да көмек алып отырған отбасылар бар. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты. Ел Президенті мұқтаж жандарға қолдау көрсетуде олардың табысы туралы тыңғылықты зерттеуді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарға қолдау көрсету – өте маңызды міндет. Сондықтан мемлекет әлеуметтік шығыстарды біртіндеп ұлғайтып жатыр. Қазір бюджеттің жартысынан көбі әлеуметтік салаға жұмсалады. Балалы отбасыларды қолдау үшін сәби күтіміне өтемақы төлеу мерзімі бір жылдан бір жарым жылға дейін ұзарды.