Қазақстанда су, энергетика, құрылыс салаларында кадр тапшы
Мемлекет басшысы су, энергетика, құрылыс және басқа да салаларда байқалып отырған кадр тапшылығы мәселесін жоюды тапсырды, деп хабарлайды 24kz.
Сондай-ақ болашақта сұранысқа ие болатын кәсіптер үшін білікті мамандар даярлау керегін еске салды. Елімізде бұл мақсатта шетелдің іргелі 23 жоғары оқу орны да жұмыс істеп тұр. Оларға берілетін мемлекеттік тапсырыс біртіндеп көбейтіледі. Бұл тәсіл білім бағдарламасы заман талабына сай келетін отандық оқу орындарында да қолданылады.
«Алайда мемлекет қаржысын университеттің бәріне оңды-солды тарата беруге болмайды. Үздік университеттердің нақты сектормен байланысын нығайту керек», - деді Президент.