Алдағы екі жылда еліміздің су шаруашылығы реттеледі
Алдағы екі жылда елдің су шаруашылығы толықтай қалпына келуі мүмкін, деп хабарлайды 24kz.
Бұл мақсатта Араб үйлестіру тобымен инвестициялық келісімге қол жеткені туралы Премьер-министрдің орынбасары әрі Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді. Ислам даму банкі 1 млрд АҚШ долларын бөледі. Қаражат су тасқындарының алдын алу, суармалы алқаптарды ұлғайту, су ресурстарын тиімді пайдалану жұмыстарына бағытталмақ. Қыруар қаржының алғашқы аударымы алдағы қараша айында жасалуы керек.
Нұрлан Байбазаров, ҚР Премьер-министрінің орынбасары - ұлттық экономика министрі:
- Исламдық қаржыландаруда өздеріңіз білесіздер, пайыздық үстеме, жасырын комиссиялар жүрмейді. Сондықтан бұл өте тиімді шарттар. Жалпы алғанда бүгін тарихи күн деп айтуға болады. Араб үйлестіру кеңесі тұңғыш рет үлкен құраммен Қазақстанға келіп отыр.