Егін орағы екі аптаға кешеуілдеді

Дамылсыз жауын Солтүстік Қазақстан өңірінде егін орағын екі аптаға кешіктірді.

Биыл аймақ бойынша 4,4 миллион гектар алқапқа дән себілген. Қазір соның тек 400 мың гектары орылып, 670 мың тонна бидай жиналды. Дегенмен астықтың шығымы тәуір. Диқандар әр гектарынан 18 центнерден өнім жинап жатыр. Күзгі дала жұмыстарына 7 мың техника жұмылдырылған. Жанар-жағармай қоры жеткілікті.

Мейрам Меңдібаев, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Биыл астықтың шығымы жақсы. Соны жинап алу маңызды. Биыл алқаптарға 260 тонна минералды тыңайтқыш себілді. Бұл былтырмен салыстырғанда біршама көп.